Жамбыл облысында Батыс Еуропа – Батыс Қытай жолының бойы қоқысқа толды

Жамбыл облысында Батыс Еуропа – Батыс Қытай автомагистралінің бойы қоқысқа толды. Халықаралық жолдың Тұрар Рысқұлов ауданындағы бөлігіне жергілікті әкімдік қоқыс полигондарын салып тастаған. Оның құрылысына тұрғындар қанша қарсылық білдірсе де, жауаптылар құлақ аспапты. 

Алмас Қадіров, Өрнек ауылының тұрғыны:

- Былтырдан бері айтысып жатырмыз. Әкімге де айттық. Жалобы жасап жатырмыз. Бұл дұрыс емес, дұрыс емес деп! Бізді тыңдап жатқан ешкім жоқ! Ләж жоқ енді телеарна шақырып уәжімізді айтпасақ басқа амал қалмады. Уже мусор сыртқа да шығып жатыр.

Тұрғындардың айтып отырғаны мына былтыр салынған қоқыс алаңдары. Бір жылға жетпей тоз-тозы шығып кетіпті. Темір қоршауы ұрланып, бағандары ғана қалған. Төгілген тұрмыстық қалдықтар жел тұрған сайын көтеріліп жолдың жиегі мен егіс алқаптары ластанып барады.

Нұрслан Шәріпбаев, Өрнек ауылының тұрғыны:

- Қоқыстан әлден шашылып жатыр. Ертең ақылы жол болған кезде қоқыс салафаны ұшып машиналардың жолына жететін болды. Арырақ апарып соқ. Көрінбейтін жерге соқ. Бұл палигонда өрт болып жатыр. Мныа жерде түтіні шығып жатыр. Мына жерден шетелдіктер өтіп жатыр. Қалай болған да заңға да, талапқа да сай емес. Біз заң органдарына да хабарластық. Егістіктің үстінен мақсаты жер ғой ол.

Ауыл тұрғындары әкімдік егіс алқабын күл-қоқыс алаңына айландырғанына наразы. Олар науқан кезінде егінге желмен шоқ түсіп өртеніп кете ме деп қорқады. 

Бақытжан Көшеков, Өрнек ауылының тұрғыны:

- Өзім осы жерде мал бағам. Бір қара түтін не әкеп өртейтінін қайдам. Қара түтін аптасына бір рет шығып тұрады. Кейде жел мына жақтан болғанда жол көрінбей қалады. Қара түтіннен. Былай қарай жолға жақын. Былай қарай егін міне 100 метр анау талдан әрі қарай түгел егін. Ертең аптасына өртейді. Құйын ба, бірдеңе тұрса кім жауап береді оған?

Әлібек Терлікбаев, Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары:

- Науқан кезінде ондай қауіп болатыны рас. Бірақ енді ауылдық округ әкімдігі тарапынан, мамандар тарапынан дежурство қойылады, әрі қарай бақылауда болады.

- Темірлері ұрланып жатқан кезде отты қарауылдап тұратын адам болады дегенге өзіңіз сенесіз бе?

- Жоқ енді қарауылдап үнемі басында тұрады деп айта алмаймын. Бірақ үнемі барып келіп, бақылап жүреді.

Дәл осындай қоқыс алаңдары жолдың бойындағы Малдыбай ауылының тұсына да салынған. Құрылыс кезінде ауыл ақсақалдарынан бастап 100 шақты тұрғын қарсылық білдіріп, аудандық әкімдікке тоқтату жөнінде өтініш жазып өткізген. «Алайда ешкім бізді елемеді» дейді ауылдық ағайын. Ал аудандық әкімдік бұл ауылдық округте бос орынның жоқтығын алға тартып отыр.

Әлібек Терлікбаев, Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары:

- Осыдан 10-20 жыл бұрын осы ауылдардың жері кәдімгі акиматтың қаулысымен заңды түрде шаруашылықтарға заңды түрде жеке қолға берілген. қазір мысалы бірнәрсе жасайын десеңіз бос жатқан жер табу өте қиын. Оның да өзінің нормалары бар ғой. Шаруашылық орналасқан жер, фазендалар орналасқан жер болса оның расстояниесі сақталу керек. Сонда халықаралық жердің орналасуы ұят емес па? Өзімізге сын болмай ма? Енді алдағы уақытта бұл мәселені біз қосымша тағы да қарауымыз керек сияқты. Сол автобанның бойынан алысырақ орналастыру мәселесін. 

Жалпы Тұрар Рысқұлов ауданы бойынша осындай 14 күл-қоқыс тастайын орын белгіленіп жасалған. Олардың әрқайсысына аудандық бюджеттен 3-тен 3,5 миллион теңге жұмсалған. Қазір осыншама қаржыға істелген қоқыс алаңының сиқы қазір мынадай. Темірі ұрланып, қоқысы шашылып жатыр. 

Руслан Бақытбекұлы, Бақытжан Бапаев, Руслан Ахатіллә