Шағын жүк көліктерінің жүргізушілері салық дауында жеңіп шықты

«КамАЗ» секілді 20 тонналық жүк көліктерінің қожайындары 1,5 тонналық көлік иелеріне қарағанда салықты анағұрлым аз төлейді.

Себебі салық «В» санатына жататын көліктерге қозғалтқыш қуатына қарай, ал «С» санатындағы көліктерге жүк көтеру мүмкіндігіне қарай салынады екен. Сондықтан шағын жүк көліктерінің иелеріне салықты аз төлеу үшін «С» санатына өту туралы ұсыныс жасалған. Бірақ ол кезде көліктерге қала ішіне кіруге тыйым салынатын көрінеді. Ал қазір дүкендерге азық-түлікті, дәріханаларға дәрі-дәрмекті жеткізіп отырған дәл осы машиналар. Осы келеңсіздікке наразы болған жүргізушілер әділдік іздеп, Қарағанды облыстық сотына шағымданған болатын. Сот шешімі олардың пайдасына шешілді.

Ермек Әбілдин, Қазақстан кәсіпкерлер қауымдастығының президенті:

- Кішігірім жүк көліктерін алатын болсақ, олар тек ғана категория емес, олар автокөліктің түрімен бөлінеді. Мысалы, жеке көліктерге 8 орынға дейінгі көліктер жатса, ал жүк көліктері олар жүктің салмағына байланысты бөлініп келеді. Сондықтан аппеляциялық біздің Қарағанды облыстық соты заңды шешім қабылдап, салық органдарының уведомлениесін заңсыз деп таныды.