Шымкентте Республикалық әкелер форумы өтті

Шымкентте VI Республикалық Әкелер форумы өтті. Шараның мақсаты-әкелер институтын дамытып, отбасылық құндылықты нығайту. Әр өңірден келген спикерлер жанұядағы әке ролі туралы жан-жақты айтты. Гендерлік саясат пен үйлесімді отбасын құрудың тақырыбы да тілге тиек болды. 

Дәстүрлі түрде жалғасын тапқан форум «Әкеге қарап ұл өсер» деп аталды. Жиынға Парламент депутаттары мен Ұлттық комиссия мүшелері, әр өңірдің жергілікті атқарушы органының өкілдері арнайы келді.  Ата-аналар қоғамдастығының мүшелері мен түрлі саланың көшбасшылары шақырылды. 

Бақытбек Смағұл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Әкенің қас-қабағы баланың бас сабағы десек отбасындағы жәлпы әкенің қоғамдағы ролі қандай болуы болмақ!? Бос сөз емес қоғамдағы түйткілді мәселелердің шығу жолдарын, сондағы әкенің рөлін ортаға салады деген үлкен үміттеміз.

«Отбасы және дін», «Ерекше балалардың ерекше әкелері», «Балаларға спорттық тәрбие беру», «Мектептерде әкелер кеңесін дамыту» сынды түрлі тақырыпта сөз алған спикерлер өз ойларын ортаға салды. Бақытты отбасы құрудың басты қағидалары талқыланды. 

Шыңғыс Мұқан, қала әкімінің бірінші орынбасары:

- Әкелердің мақсаты не отбасындағы!? Менің өзімнің ойым әкелердің мақсаты әйелдерін бақытты ету. Егер әйел бақытты болса отбасы бақытты болады. Әйел бақытты болса балаларымыз бақытты болады. Әйел бақытты болса әлем бақытты болады.

Форумда қоғамның пікірін білу үшін жүргізілген зерттеу де назарға ұсынылды. Сондықтан отбасы институтын қалыптастыруға БАҚ-тың маңызы айрықша.

Максим Рожин, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі:

- Сол зерттеуде осы уақытқа дейін зерттелмеген дүниелер көп айтылып жатыр. Соның ішінде мысалы БАҚ-тың ролі. Қаншалықты біздің әріптестер қазір отбасы құндылықтарын насихаттап жүр. Қаншалықты жиі сол туралы айтып жүр. Бұндай зерттеулер қажет болып тұр қазір.

Форумның басты мақсаты - өскелең ұрпақтың баянды болашағы үшін нақты ұсыныстар әзірлеп, оны іске асыру. 

Нұрсұлтан Мұхамеджан, Нұрмахан Бекмұратов