Елімізде ономастика мәселесіне қатысты жеке заң керек

Ономастика мәселесіне қатысты жеке заң керек. Талдықорғанда өткен «Өңірлік ономастика мәселелері» атты республикалық семинарда сала мамандары осылай деді. Жетісуда бас қосқан жеті өңірдің тіл басқармасы басшылары өзара пікір алмасып, мәдениет комитетінің төрағасымен бірге өзекті проблемаларды талқылады.

Ономастика комиссиясындағылар қазір тіл туралы заңды негізге алып жұмыс істейді. Салаға қатысты жеке заң қабылданса көп түйіткілдің түйіні тарқайтын еді, дейді жиналғандар.

Өтепберген Қалабай, Алматы қалалық тіл басқармасының басшысы:

- Ономастикаға қатысты жұмыстар көп. Ол ғылыммен де, білімен де байланысты болады. Сол себепті жаңа заң тұрғысынмен жұмыс істеген жеңілірек болады. Қазір енді тіл туралы заңның кеңейтіп, кең көлемде заңды қабылдайтын уақыт жетті.

Семинарда тіл басқармасының басшылары өзара тәжірбие алмасты. Аймақтарда атқарылған жұмыстарды саралады.

Сәуле Османова, Павлодар облыстық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі:

- Павлодар облысында соңғы бес жылда 600-ден астам көше, екі аудан, 12 ауылдық округке тарихи атау қайта беріліп, біздің мектептерге де біздің тұлғалардың есімі берілуде.

Еліміздегі көптеген елді-мекендердің аты кезінде өзгертілгені белгілі. Қазір солардың тарихи атауын қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл істі жүйелеу үшін республика көлемінде арнайы ұсыныс әдістемесі әзірленген. Басқосуда жобаны жетілдіру мәселесі талқыланды.

Болат Керімбек, Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы:

- Сонымен қоса ономастика саласына қатысты «Жол картасы» әзірленді. Әрбір облыста. Ол жол картасында алдағы уақытта кез келген елді мекенде ономастика саласына қатысты өзгертілетін атауларды қай уақытқа шейін талданып зерделеніп, халықтың пікірін ескере отырып өзгерту мәселесі қаралады.

«Жол картасы» 2022-2025 жылдарға дейін жоспарланған. Соған сәйкес алдағы үш жылда елдіміздегі идеологиялық тұрғыда ескірген 4 мыңға жуық елді мекен және көше атаулары ауыстырылады.

Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов

Сондай-ақ...