Нұр-Сұлтанда жыл соңына дейін бір млн-нан астам жасыл желек отырғызылады

Нұр-Сұлтан қаласында жасыл желек отырғызу жұмысы биыл қарқынды түрде жүріп жатыр. Жоспар бойынша 2021 жылдың соңына дейін 1 042 468 дана жасыл желек отырғызылады, деп хабарлайды «Хабар 24» елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Отырғызылатын бір миллионнан аса жасыл желектің ішінде 890 151-і – көшет.

Көктемгі ағаш отырғызу аясында жоспарланған жылдық көлемнен отырғызылған жасыл желектердің саны 489 290 дананы (45%) құрады, оның ішінде қала аумағына – 37 024 дана жасыл желек және елорданың «Жасыл белдеуі» аумағына – 452 266 көшет.
Ал күзгі ағаш отырғызу осы жылдың 15 қыркүйегінде басталды. Оның барысында 553 178 дана жасыл желек отырғызу жоспарланған. Ал 15 қыркүйектен бері қала аумағында 115 293 дана ағаш отырғызылды. Олардың арасында қызыл тал, татар үйеңкісі, шырша, қарағай, қайың, емен және т.б. бар.

Аудан әкімдерінің аппараттарымен мынадай жұмыс жүргізілді:

* «Алматы» ауданында – 4 499 дана ағаш, 730 дана бұта, 980 п/м бұталы қоршау;

* «Байқоңыр» ауданында – 615 дана ағаш, 875 дана бұта, 17 600 п/м бұталы қоршау;

* «Есіл» ауданында – 8 910 дана ағаш, 11 022 дана бұта, 4 520 п/м бұталы қоршау;

* «Сарыарқа» ауданында – 1 791 дана ағаш, 20 дана бұта.

Ағаш отырғызу – кез келген нысан салынғаннан кейін міндетті түрде іске асуы тиіс жұмыстың бірі. Мәселен:

* Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау аясында 35 481 дана ағаш отырғызды;

* Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының деректері бойынша МТЖ, БО, СОО, СҮ және т.б. объектілерін салу кезінде – 36 350 дана ағаш отырғызылды;

* Қоршаған ортаны Қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы саябақтар, скверлер салу барысында 500 дана ағаш пен өтемдік отырғызу аясында 14 500 дана ағаш отырғызды.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі елорда іргесіндегі «Жасыл белдеу» аумағына ерекше көңіл бөледі. Күзгі ағаш отырғызу барысында «Жасыл белдеуге» 437 885 дана көшет егіледі.

Күзгі отырғызу жұмыстары аясында барлығы 576 278 дана ағаш және бұта, 32 453 п/м бұталы қоршау отырғызылды.