Әлеуметтік тауарлар бағасының өсуін тежеу үшін қазынадан 5 млрд теңге бөлінеді

Қостанай облысында құс етіне шекті баға қойылады. Себебі өнім жыл басынан бері 17 процентке қымбаттады.

Енді тауықтың келісі 890 теңгеге сатылады. Алайда құжат толық бекітілген жоқ. Жыл соңында күшіне енеді. Бұған дейін азық-түліктің қымбаттауына байланысты күнбағыс майы, жұмыртқа, қант және көкөністерге де шекті баға белгіленген. Енді аймақта әлеуметтік тауарлар бағасының өсуін тежеу үшін жергілікті қазынадан 5 миллиард теңге бөлінеді. Қазір тұрақтандыру қорында өнімнің 13 түрі бар.

Мәдина Махмұтова, «ТОБЫЛ» ӘКК Департамент директоры:

– Облыстың тұрақтандыру қорын жасақтауға 4 млрд 800 млн теңге бөлінді. Қазан айында бір миллиард теңгесі аударылды. Оған төрт мың тоннаға жуық азық-түлік сатып алуды көздейміз. Ал қалған қаражат осы қараша айында бөлінеді. Мемлекеттік сатып алу негізінде алты жарым мың тоннадай өніммен толықтырамыз.