Алматы қаласының миллионыншы тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Бұл туралы шаһар басшысы Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Миллионыншы екпені ектірген пациенттің аты-жөні – Самал Оқапова.

«Денсаулығы кейде сыр берсе де ол өзі үшін, жақындарының саулығы үшін екпе алуды дұрыс деп шешіпті. Осындай саналы қадам жасағаны - қуантарлық әрі өзгелерге үлгі боларлық іс», - дейді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.