«Абай» шахтасындағы апаттан жараланған екі адамның жағдайы ауыр

Қарағанды шахтасында 6 адам опат болды. Тағы екеуі жараланды. Оқиға Абай шахтасында бүгін таңертең сағат 8 жарымда болған.

Ақпаратқа қарағанда жер астында метан газы таралған. Шахтада барлығы 64 адам болған екен. Оқиға кезінде 56-сы сыртқа шығып үлгірген. Қалғаны сегізі жер астында қалған. 6 кенші сол жерде опат болды деп айттық. Жарақат алған тағы 2 адамның жағдайы ауыр. Олар жергілікті ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жұмыс істеп жатыр.

Оқиға кезінде зардап шеккен 2 азамат қазір қарағандылық дәрігерлердің бақылауында. Олар 61 және 58 жастағы екі жұмысшы. Мақажанов атындағы көп бейінді ауруханаға жеткізілген. Екеуіне де газдан уланды деген диагнозы қойылып отыр. Клиника тарапынан зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.