Шахтадағы апатқа байланысты комиссия құрылды

Қарағандыдағы «Абай» шахтасында 6 адам опат болды. Тағы екеуі жараланды.

Оқиға Абай шахтасында бүгін таңертең сағат 8 жарымда болған. Ақпаратқа қарағанда жер астында метан газы таралған. Шахтада барлығы 64 адам болған екен. Оқиға кезінде 56-сы сыртқа шығып үлгерген. Қалған сегізі, жер астында қалған. 6 кенші сол жерде опат болды деп айттық. Жарақат алған тағы 2 адамның жағдайы ауыр. Олар жергілікті ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Үкімет басшысы Асқар Маминнің тапсырмасымен апатқа байланысты комисссия құрылды. Біз Қарағандыда болған бұл жағдайды назарда ұстап, алдағы уақытта да хабардар етіп отырамыз.

Дәуренбек Бағдәулетұлы, тілші

Қарағандыдағы шахтада метан газының таралуынан алты адам қаза тапты

«Абай» шахтасы қай компанияға тиесілі екені белгілі болды