Апатқа байланысты Қарағанды облысының әкімі отырыс өткізді

«Абай» шахтасындағы апат техногенді болуы мүмкін.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Мұрат Қатпановтың айтуынша, метан газының көп мөлшерде бөлінуі салдарынан марқұмдар ауа жетпей, тұншығып қалуы ықтимал. Алдын ала болжам осындай. Бүгін аталған жағдай бойынша Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек кеңес өткізді. «АрселорМиттал Теміртау» мекемесі, көмір департаментінің директоры Андрей Черномаз және басқа да жауапты тұлғалар шахтадағы қазіргі жағдайды баяндады. Тергеу амалдарын жүргізу үшін онда жедел штаб құрылған. Құрамында компания мен мемлекеттік органдардың өкілдері бар. Облыс және компания басшылығы қаза тапқан кеншілердің отбасыларына баруы тиіс.

Қарағандыдағы шахтада метан газының таралуынан алты адам қаза тапты

«Абай» шахтасы қай компанияға тиесілі екені белгілі болды