Әміре Қашаубаевтың зираты жаңғыртылды

Париж төрінде ән шырқаған дүлділ Әміре Қашаубаевтың зираты жаңғыртылды.

Құлыптасы әбден, тозып кеткен екен. Әншінің атындағы мемлекеттік филармонияның ұжымы, демеушілер тауып, бейіт басын қалыпқа келтірді. Өнер саласының қайраткерлері жез-таңдай әншінің ар-уағына құран бағыштады. Ол туралы естеліктер айтылды. Әміре әлемнің бірнеше ірі қаласында өнер көрсетіп, қазақ музыкасын паш етті. Марқұмның зиратына алғаш рет 1992 жылы жақындары құлыптас қойған. Бірақ біреулер қиратып кеткен еді. Содан бері атақты тұлғаның бейіті, күтусіз қалыпты.

Айбек Бекбосынов, Ә. Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның директоры:

– Орталық зиратқа келіп қарасаңыздар Дина Нұрпейісова жатыр, Мұхтар Әуезов жатыр, Әміре Қашаубаев жатыр. Жалғыз Әмірені ғана емес, қазақтың зиялыларын, қазақтың қаймақтарының зираттарының бәрін осындай жаңарту жұмысын жасаса деген ойым бар.