Энергетика министрлігі: бензин тапшылығына ешқандай себеп жоқ

Бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желілерде кейбір жанармай құю бекеттерінде бензин жоқ деген ақпарат пайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24» ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Энергетика министрлігі мұнай өңдеу зауыттарында жанар-жағармай өндірісі үздіксіз жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Қор көлемі халықтың бензинге деген қажеттілігін толық қамтамасыз етуге жеткілікті.

Осылайша, бензин тапшылығына еш негіз бен алғышарт жоқ.

Егер жанар-жағармай құю станциялары бензиннің жоқтығын алға тартып, сатудан бас тартса, бұл туралы ақпаратты дереу WhatsApp-қа +7 777 999 52 18 телефон нөмірі бойынша хабарлауыңызды сұраймыз. Энергетика министрлігінің мамандары ақпараттың растығын тексереді.

Нарықта жанар-жағармай материалдарының бағасы негізсіз өсуі және жасанды тапшылық туғызу әрекеттері фактілері бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданатын болады.