Елімізде полиция қызметкерлерінің айлығы өсе ме

Елдегі полиция қызметкерлерінің айлық табысы өседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәжіліс отырысына қатысқан Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев осылай деді. Сала басшысы алдағы 2 жылда тәртіп сақшыларының жалақысы 50 проценттен 90 процентке дейін көбейетінін айтты.

Айталық, сержанттардың қазір айлық табысы 81 мың теңге болса, кейін олар 140 мың теңге алатын болады. Ал лейтенанттардың жалақысы 103 мың теңгеден 174 мың теңгеге дейін көтеріледі.