Елімізде жыл басынан бері 49 кг синтетикалық есірткі тәркіленді

Есірткі барондарының уақыты өткенімен, оны сатудың жүйесі дами түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Пандемияға байланысты контрабанда азайды. Алайда сатушылар «синтетикалық есірткі» зертханаларын құра бастады. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев

«Национальный интерес» бағдарламасы студиясында Ерлан Бекхожинге берген эксклюзивті сұхбатында Қазақстанда жыл басынан бері осындай 14 есірткі зертханасы табылғанын айтты. 49 келі синтетикалық препараттар тәркіленді.

Айта кету керек, Қазақстан халқына жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев нашақорлыққа қарсы күреске, ерекше назар аударып, ІІМ мен барлық күш қызметкерлеріне тапсырма берген болатын.

Бүгін сағат 22:30-да "Хабар" телеарнасында Ерлан Бекхожинмен «Национальный интерес» бағдарламасы өтеді.

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі:

– Мұндай қылмыстардың 75%-ін қауіпсіздік департаменті анықтайды. Бізде осындай арнайы бөлім бар. Қызылорда облысы бойынша есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі департаменттің бұрынғы басшысы мен оның орынбасары есірткі қылмысына қатысты ұсталған болатын. Олар бүгінде жауапкершілікке тартылып, 10 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Кейде тіпті жасөспірімдер интернет арқылы таратады. Бірақ біз барынша қырағы боламыз.