434,46 493.30 5,91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ішкі істер министрі: Балаларға жыныстық тәрбие берілуі керек

  • 60
  • UPD: 17:18, 08.11.2021

Ерлан Тұрғымбаев мәжілістегі отырыста қоғамда жиі талқыланатын мәселені қайта көтерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Министрдің айтуынша, пандемия кезінде елде кәмелеттік жасқа толмай жатып, жүкті болып жатқан қыздар көп екен. Олардың дені әлі мектепте оқиды. Небәрі 13-14 жаста. Сала басшысы мұның барлығы балаларға жыныстық тәрбие берілмеудің кесірі дейді. Сондай-ақ ол карантин уақытында балаларға қол жүгірту деректерінің көбейгенін айтты. Мұндай жайттар көбіне тұрмысы төмен отбасында болады. Сол себепті жасөспірімдердің ісімен айналысатын инспекторлардың санын көбейту туралы шешім қабылданған. Қазір 7 мыңға жуық тұрмысы төмен отбасы арнайы тіркеуге алынған екен.

Хабар 24 телеарнасы