Қызмет барысында зардап шеккен тілшілерге өтемақы төленуі мүмкін

Басын бәйгеге тігіп, ақпарат таратқан тілшілер қауымына зардап үшін өтемақы төленуі мүмкін. Бүгін БАҚ-тың құқығын реттеуге бағытталған конференцияда осындай ұсыныс айтылды.

Сондай-ақ заң шеңберінде редакциялардың жауапкершілігін арттыру көзделген.

Сарапшылардың пайымынша, қазіргі құжаттың солқылдақ тұстары көп. Бұл саланың дамуын тежеп, мамандардың өзекті материал дайындауына жиі тосқауыл болады. Жаңа Заң қабылдана ма әлде толықтырулар енгізумен шектеле ме, ол жағы белгісіз. Десе де, медиа мамандары мен заңгерлердің қалауы айқын. Алдымен сала қызметкерлерін қорғауды күшейту керек. Сөз бостандығы беріліп, қылмыстық істер бойынша ақпарат алуды жеңілдету тиіс, дейді олар. Кездесу қорытындысында  БАҚ туралы заңның жаңа нұсқасы бойынша қарар қабылданады.

Кемелбек Ойшыбаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі:

- Жалпы заңның негізгі бағыттары, негізгі мақсаты осы Қазақстанда БАҚ дамуына жақсы жағдай жасау. Екіншіден, Қазақстанның БАҚ қазіргі тұрғыда желінің дамығанының арқасында олар бір-бірімен бәсекелес, халықаралық деңгейде бәсекелес. Сондықтан Қазақстандық БАҚ деңгейі халықаралық деңгейде жоғары болуға бағытталған. Үшінші әрине, жалпы журналистердің құқығын қорғауға бағытталған.