«Халық санағы-2021» аясында жүргізілген нақтылау жұмыстары аяқталды

Нәтижесінде 19,6 миллионнан аса респондент қамтылды.

Негізгі кезеңде қандай да бір себептермен санаққа қатыса алмаған азаматтарға арнайы sanaq.gov.kz сайты мен e-Gov порталы және Aitu мобильді қосымшасы арқылы санақ сауалдарын толтыру мүмкіндігі берілді. Қазір ұлттық статистика бюросы деректерді өңдеуге кірісті.

Айта кетерлігі, респонденттердің 42 проценттен астамы онлайн-санақ функциясын пайдаланды.