Қостанай облысында интернет-алаяқтық көбейген

Қостанай облысында биыл интернет алаяқтығына қатысты мыңнан аса оқиға тіркелген. Соның кесірінен тұрғындар 70 млн теңге шығынға батты.

Полиция 370 қылмыстың бетін ашыпты. Киберқылмыстың алдын алу үшін облыс аумағында 8-14 қараша аралығында «Хай-Тек» жедел алдын алу іс-шарасы өтеді. Ондағы мақсат интернет алаяқтарының қолданатын тәсілдерін жұртшылыққа жеткізу.

Сәбит Ибраемов, облыстық ПД киберқылмысқа қарсы күрес жөніндегі бөлім бастығы:

- Сондай-ақ еркін айналымдағы тыйым салынған өнімдерді дайындайтын және пайдаланатын, тарататын тұлғаларды анықтау болып табылады. Және де жедел алдын алу іс шарасы шеңберінде азаматтардағы банктердегі садымдарының жай-күйі туралы жеке мәліметтері бойынша келіп түсетін хабарлама бойынша қырағылық танытуды сұраймыз.