430,43 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

90-жылдардағыдай: Семейде жұмыскерлерге талонды жалақы орнына беріп отыр

  • 129
  • UPD: 23:31, 08.11.2021

Семейде жылу электр орталығының жұмысшылары үш айдан бері жалақы алмаған.

Айтуынша, басшылық азық-түлікке талон беретін көрінеді. Кәсіпорын өкілдері бұл туралы не дейді?

Жылу электр орталығының жұмысшылары соңғы рет маңдай тер, табан ақыларын шілде айында алған. Айтуларынша, онсыз да аз айлық қазір арман болды. Басшылық оның орнына сүт пен нанға талон немесе түскі ас ұсынған.

Нұртілеу Самиғұлов, кәсіпорын жұмысшысы:

- Бізге күнде талон береді. Оны түскі асқа да жаратуға болады. Қалай жылыту маусымы аяқталады, солай айлық созылады.

Кәсіпорын басшылығы «сүт жұмысшыларға зиянды өндіріс үшін беріледі, оның еңбек ақысына түк қатысы жоқ» деді. Ал айлықтың кешігуін тұтынушылардың 300 млн теңгеге жуық қарызымен түсіндірді.

Азат Сарпеков, кәсіпорын директоры:

- 1 қазаннан бастап жылу берілу мерзімі басталып кетті. Бізде қазір енді қаржы мәселесінен ешқандай тапшылық болмайды. Сондықтан қыркүйек айында осындай сұрақ болды. Қазіргі таңда қыркүйек айынан 145 млн теңге қаржы қалып отыр. Оның ішінде 1 млн 800 мыңын біз төледік. Күнделікті түсіп жатқан қаржыны біз осы жалақыны төлеуге жіберіп отырмыз. 10 күннің ішінде барлық сұрақ толығымен жабылады. 

Қазір кәсіпорын жұмысшыларға 145 млн теңге берешек. Зар болған жалақыны 1150 адам күтіп отыр.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Әсем Өтешева, Медет Өмірханов

Хабар 24 телеарнасы