434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Беларусьтен Қарағындыға екі арқар жеткізілді

  • 121
  • UPD: 21:51, 08.11.2021

Қарағандыдағы хайуанаттар бағына Беларусь елінен екі арқар жеткізілді.

Мүйізді жануардың «муфлон» деп аталатын тұқымы кеншілер қаласында бұрын-соңды болмаған екен. Бір жарым жасар қос арқардың құны шамамен 700 мың теңге. Зообақ мамандары қызыл кітапқа енген жануарларға Аладдин және Жасмин деп ат қойыпты. Бес күн жүріп келген арқарлардың жағдайы жақсы, бірден жерсініп кеткен. Енді көктемде тағы екі түйе әкелінеді.

Ноян Оразов, жүк көлігінің жүргізушісі:       

- Жолда 4 тәулік жүрдім, бері қарай 5 тәулік жүрдім. Документ бәрі орнында, ешқандай кедергі болған жоқ. Шекараға келгенде өшіретсіз жіберді мал болған соң. Тамақтары ішінде болды, бірақ су беріп отырдым. Бәрі аман-есен жетті.

Хабар 24 телеарнасы