Түркістан облысында тіркелмеген шетелдік көліктер көбейіп барады  

Түркістан облысында Ресейдің нөмірімен жүрген 200-ден астам көлік айыптұраққа қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тексеру кезінде бұл техникалар Ресей Федерациясының Ішкі істер министрлігінде тіркелмеген болып шықты.  Айта кетейік, елге сенімхат арқылы алып келген көліктер Қазақстан аумағында тек бір жыл ғана жүре алады. Бұл мерзім аяқталғаннан соң 30 күн ішінде шетелдік көлікті елден шығару немесе Қазақстанда тіркеу керек. Алайда бұл заң талаптары көбіне орындалмайды.

Алмасхан Тастанбеков, Түркістан облыстық ПД басқарма басшысы:

–Тіркеуден шығарып жіберген. 88 мың автокөліктің тізімі біздің облысқа келіп түсті. Жалпы республика бойынша. Бұларды Ресей Федерациясының ресми өкілдігі жіберіп отыр. Оның барлығы есептен шығару болып есептеледі. Осы көліктерді талдай келе, біздің облыста 12 мыңнан астам көлік бар екендігі анықталып отыр.