Ресейде ұрланған көліктер иесіне қайтарылады 

Ресейден Қазақстан аумағына әкелген 606 автокөлікке іздеу салынған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 200-ден астамы табылды. Қазір айыптұрақта тұр. Енді шетелдік көліктер иесіне қайтарылуы тиіс. Ал ұрланған көлікті білмей сатып алғандар сотқа жүгіне алады. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитеті хабарлады. Ішкі істер министрлігі Қазақстан мен Ресей көлік құралдарына арналған электрондық құжат деректері базасын біріктіруге ниетті екенін мәлімдеді. Бұл жылдам ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.

Нұржан Әділов, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы:

– Ұрланған көлік бойынша жергілікті полициядан мәліметтер бар. Ол көліктерді біз РФ-ның ішкі істер министрлігімен тығыз қарым-қатынастамыз. Ұсталған автокөліктерді сол жақа жібереміз. Барлығы сот арқылы шешіледі.