Нұр-Сұлтанда жасөспірімдерді вакциналау басталады

Елордада 12 жастағы балаларға коронавирусқа қарсы екпе салынбақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Денсаулық сақтау басқармасы ата-аналарға осындай хабарлама таратты. Вакциналау мектепте емес, емханаларда жүргізіледі. Балаға екпе үлкендердің келісімімен салынады. Яғни олар емханаға балаларымен бірге келуі тиіс. Алғашқы кезеңде жұмыс осы тәртіппен жүргізіледі.

«Кейін вакцина аламын деушілер көп болса, мектептерде арнайы пункттер ашылуы мүмкін», - деді денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.