Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі: барлық секторларда өсім байқалады

2021 жылдың 9 айының қорытындысында еліміздің өңдеу өнеркәсібінде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жиынтық көрсеткіш 105,7% құрап, оң үрдіс байқалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Машина жасау саласы 22,8% деңгейінде тұрақты өсімді көрсетіп отыр.

Саладағы өсім негізінен мына өндірістер есебінен қамтамасыз етілді:

* автокөлік құралдарын, трейлерлер мен жартылай тіркемелерді шығару (+31,6%),

* машиналар мен жабдықтар (+38,7%), басқа да көлік құралдарын өндіру (+50,5%),

* компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар (+25,4%),

* электр жабдықтары (+2,6%),

* жөндеу және орнату (+6,5%).

Халықтың дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сұранысының артуына байланысты фармацевтикалық өнеркәсіпте өндіріс көлемі 38,1% өсті.

Киім (+14%) және былғары өнімдері (+8,3%) өндірісінің ұлғаюы есебінен жеңіл өнеркәсіпте өсім 3,8% құрады.

Дезинфекциялық құралдар мен минералдық тыңайтқыштарға (натрий бихроматы (2,6 есе), пигментті хром тотығына 2 есе) сұраныстың артуы химия өнеркәсібі өндірісінің көлемін ынталандырды. Өсім 3,5% құрады.

Жылу оқшаулағыш материалдар (1,5 есе), портландцемент (+20,5%), гипс (+59,8%), кірпіш (+90,1%) және құрылыс ерітінділері (+35,8%) өндірісін арттыру есебінен құрылыс материалдарының өндірісі 110,1% құрады.