Көлік комитетінің өкілдері жылдар бойы қылмыспен айналысып келген

Еліміздегі Көлік комитетінің бір топ қызметкері қылмыстық топ құрып, заңға қайшы әрекеттерді жүзеге асырып келген.

Олар көліктің техникалық тексеруден өткені жөнінде жалған құжат жасауды жылдар бойы кәсіпке айналдырған. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдері хабарлады. Кейінгі 4 жылда қылмыстық топ 260 мың диагностикалық карта жасаған. Бұл шаруаны олар жалған фирмалар атынан іске асырып келген. Тіркелген мекен-жайларында техникалық қызмет көрсету орындары мүлдем жоқ. Тек қағаз жүзінде бар. Заңсыз қызмет автокөлік иелеріне 5 минутта көрсетіліп, құжат сол арада дайын болған. Агенттік ендігі жерде мұндай қылмыстардың алдын алу үшін, қолданыстағы заңдарды өзгертуді талап етпек.