«Көлікті есепке қоятын ақшаға бір үй сатып аламын». Жүргізушілер шағымданды

Бүгін бірнеше көлік иесі мен тиісті сала мамандары арасында кездесуі болды. Жиында тараптар осындай шешімге келді. Тек көлік иелеріне қойылатын талап, олар жол ережесін бұзбаулары керек. Ал тәртіп бұзылған жағдайда, заң шеңберінде шаралар қолданылады.

– Депутат мырза, мен қарапайым халықтың бірімін. Менің де Ресейде тіркеуде тұрған көлігім бар. Сендер сұраған есепке қоятын ақшаға мен бір үй сатып аламын. Менде ондай ақша жоқ. Сендер соны шеше аласыңдар ма?

Бұл сұрақты Ресейлік тіркеуде тұрған көлігі бар жүргізушілер қойды. Бірнеше күннен бері олардың бас ауруына айналған мәселе осы. Автосымен қала арасында қатынап нәпақа тауып жүрген азаматтардан маза кетті. Көлігін кез-келген жерде тоқтатып, айыппұл тұрағына алып кетеді екен. Сол баяғы Қазақстандық тіркеудің жоқтығы.

Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Біріншіден, қазіргі жағдай заңмен реттелетін жағдай емес. Сіздердің көліктеріңіз тіркеуде жоқ. Яғни, олардың Қазақстанның жол ережесімен жүруге құқы жоқ. Министрге осы мәселе бойынша бойынша сұрақ жолдадым. Қалай шешейін деп жатсыздар деп сұрадық. Министр міндетті түрде оларды тіркеу керек деді. Оны тоқтату, тоқтатпау менің қолымдағы мәселе емес. Мен министрлікпен қездесіп, қазір мәселені анықтайыз.

Қазір Қазақстанда 80 мыңнан аса көлік ресейлік тіркеумен емін-еркін жүр. Оның арасында Ресейде ұрланды деген көліктер де бар екен. Қазір олар айыппұл тұрағына қойылған. Ары қарай нақты қандай шешім шығатыны айтылатын болады. Осы мәселеге қатысты министрлік тиісті шаралар қабылдауға тырысамыз деді.

Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Айыппұл тұрағында автокөліктері бар адамдар тиісті құжаттарымен көліктерін алып кете алады. Тағы да айтамын, қала ішінде жол ережесін бұзбаған жүргізушілерді тоқтатуға ешкімнің құқығы жоқ. Тек тәртіп бұзғанда ғана сіздерді тексереді. Сол үшін қазір мәселені ушықтырмауды сұраймын.

Көлікті қарапайым жұрт қалтасы көтерген қаржыға Ресейден алып келді. Енді біздің елде еркін жүру үшін тіркеуге қою бір мұң дейді жүргізушілер. Көлікті керекті тексеруден өткізу үшін 3-тен 6 миллионға дейінгі қаржы керек. Мұны көбінің қалтасы көтермейді.

Авторлары: Гүлзия Нақыпқызы Аян Сәрсенбаев