Криптовалюта өндіретін кәсіпорындар тексеріледі

Қарағандыда заңсыз жолмен криптовалюта өндірген кәсіпорын анықталды.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, олар өндіріс ашамыз деп құжат тапсырып, жасырын майнинг фермасын құрып алған. Енді өңірдегі барлық кәсіпорындардың жұмысы тексеріледі. Энергия қуатын үнемі белгілі бір мөлшерде тұтынып келіп, кейін бірден көбейтіп жіберген өндіріс ошақтарына жаппай аудит жүргізіледі. Қарағанды облысы еліміз бойынша криптовалюта өндіруден екінші орында тұр. Мұнда 8 компания заңды түрде тіркелген.

Жеңіс Қасымбек, облыс әкімі:

– Ондай компаниялардың қазір біреуін таптық. Оны жауып жатырмыз. «Силициум Қазақстан» бар ғой, соның аумағында қосымша майнинг компаниясы болған. Қазір ол жабылды. Майнинг фермалары бойынша қазір арнайы жұмыстар атқарып жатырмыз. Қарағанды облысында олар аз емес. Біздің есебіміз бойынша 80-90 мегаватт соларға кетіп жатыр.