Петропавлдық жас ана коронавирустан көз жұмды

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирустан жас ана қайтыс болды.

Екі өкпесі қабынған келіншекті дәрігерлер мерзімінен бұрын босандырып алған. Бірақ ауруы қатты асқынып, жансақтау бөлімінде жан тапсырды. Дүниеге келген нәресте аман.

«Қызыл аймақтағы» өңірде жұқпалы дерт күннен-күнге өршіп барады. Кейінгі тәулікте 135 адамнан вирус анықталды. Санитар мамандардың мәліметінше, қазір облыс бойынша ауруға қарсы 235 мыңнан аса адам вакцина салдырған.

Гүлнәр Қалиева, Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

– Пандемия басталғалы СҚО-да 646 жүкті әйел коронавирус инфекциясын жұқтырды. Оның ішінде 203-і қатты ауырды. 58 өкпені жасанды демалдыру аппаратына қосылды. Сонымен қатар 38 жас ананы уақытынан бұрын босандыруға тура келді.