433,56 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Автогаз тапшылығына не себеп?

  • 74
  • UPD: 21:59, 09.11.2021
Автогаз тапшылығына не себеп?

Автогазға сұраныс артқанымен, өндіріс қарқыны өзгерген жоқ.

Елде ай сайын 25 мың тонна сұйытылған газ тапшылығы байқалады. Себебі кейінгі жылдары отынның осы түрімен жүретін көліктер саны екі есе артты. Энергетика министрлігі көрсеткіш тағы өсетінін болжайды. Жағдайды тұрақтандыру үшін олар газ экспортына тыйым салуы мүмкін.

Мұрат Жөребеков, ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары:

– Қазіргі таңда газдың 70 пайызы электрондық сауда алаңдары арқылы сатылады. Ол баға осы жылдың алдыңғы айларымен салыстырғанда өсті. Соның себебінен кейбір АЗС-тер ол газды ала алған жоқ. Сондықтан қажетті өңірлерге ол газ уақытында жеткізілген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы