10 қарашада Қазақстанға «Пфайзер» вакцинасы жеткізіледі

Американдық «Пфайзер» вакцинасы бүгін елге жеткізіледі. Жоспар бойынша  кешкі сағат сегіздер шамасында коронавирусқа қарсы екпе тиеген ұшақ Алматы әуежайына келіп қонады.

Алексей Цой «бұл вакцинаның 4 миллионнан аса дозасын сатып алдық» деді. Оның 380 мыңға жуық дозасы апта соңына дейін өңірлерге таратылады.

«Пфайзерді» 12 жастан асқан балаларға, жүкті келіншектерге және бала емізіп жүрген әйелдерге салу жоспарланып отыр. Жасөспірімдерге екпе тек ата-анасының рұқсатымен ғана салынады. Осы ретте министр жасөспірімдерге арналған вакцинаны сақтау үшін арнайы тоңазытқыштар алынғанын жеткізді. Қазір 34-і бар, кейін тағы 50 тоңазытқыш алу көзделген екен. Балаларға вакцина мектептердегі медициналық пунктте де салынады.