Түркістан облысының тұрғындары қаржы пирамидасына алданып қалған

Түркістан облысында WhatsApp-тағы үш чат арқылы ұйымдастырылған қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды.

ҚР ҚМА Түркістан облысы бойынша аумақтық департаментіне 25 адам қаржы пирамидасына шағымданған.

Тексеру барысында Түркістан қаласының тұрғыны WhatsApp мессенджерінде «Асыл Инвест», «Оборот 30%» и «30% за 3 дня» чаттарын құрып, хабарлама тарату арқылы азаматтардың қаражатын қаржы пирамидасына тартқаны анықталды.

Агенттік мәліметінше, салымшыларға салым сомасының 30% мөлшерінде пайда алуға кепілдік берілген.

«Ақша қаржы пирамидасын ұйымдастырушысының банктік шоттарына Kaspi.kz қосымшасы арқылы аударылған.

«Қазіргі уақытта шағым берген тұлғаларға келтірілген шығын сомасы 24 миллион теңгеден асады», ­– делінген мәліметте.