Қазақстанда ұлттық халық санағы аяқталды

Елде ұлттық халық санағы аяқталды. Оның алдын ала нәтижесі желтоқсан айында белгілі болады. Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов осылай деді.

Санаққа қатысқандардың 40 проценті сауалдарға онлайн жауап берген екен, қалған 60 проценті үй-үйді аралау кезінде сұралған. Бұл жұмысқа 25 мыңға жуық адам жұмылдырылған. Мамандар сАнақтың алдын ала нәтижесі кезінде Қазақстанда қанша адам тұратынын айтуға болады дейді. Ал санақтың толық нәтижесі тек 2023 жылдың бас кезінде белгілі болады.

Нұрболат Айдапкелов, ҚР Ұлттық статистика бюросының басшысы:

- Санақтың алдын ала нәтижесі желтоқсан айында жария болады. Сол кезде Қазақстанда қанша адам тұратынын айта аламыз. Ал түпкілікті нәтижені тек 2023 жылдың бас кезінде білуге болады. Мамандардың ақпаратты өңдеп, тыңғылықты сараптама жасауы үшін біршама уақыт керек.