430,43 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Pfizer вакцинасын қоятын жер әзірленіп жатыр

  • 83
  • UPD: 15:42, 10.11.2021

Американдық «Пфайзер» вакцинасы бүгін елге жеткізіледі. Жоспар бойынша кешкі сағат сегіздер шамасында коронавирусқа қарсы екпе тиеген ұшақ Алматы әуежайына келіп қонады.

Алексей Цойдың айтуынша, бұл вакцинаның 4 миллионнан астам дозасы сатып алынған. Мұның 380 мыңға жуық дозасы апта соңына дейін өңірлерге таратылады. Ал елордадағы дәрі-дәрмек қоймасына арнайы тоңазытқыштар әкелінді. Әрбірінің құны 8 млн теңге. Ел бойынша қазір 34-і бар, алдағы уақытта тағы 50-ін алу көзделген. Онда вакцина 90 градусқа дейін төмен температурада сақталады. Осы жерден бас қаладағы емханаларға таратылады. Ерекшелігі, әдеттегі тоңазытқышқа екпе тек 1 ай уақытқа қойылады. Бұл жолғысы одан да ұзақ мерзімге арналған. Елордада Пфайзерді 114 мың адам алады. 12 жастан асқан балалар мен жүкті келіншектерге және бала емізіп жүрген әйелдерге бірінші кезекте салынады.      

Фатима Смағұлова, қалалық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

- Елордаға Pfizer екпесінің 229 мың дозасы әкелінеді. 114 мың адамға саламыз. Осы тоңазытқышта екпені мұздатып алған соң оны 2 және 8 градус жоғары температурада сақтауға болады. Екпе денсаулық сақтау басқармасының қоймасынан емдеу мекемелеріне таратылады.

Хабар 24 телеарнасы