Елордада медицина қызметкерлері симуляция жаттығуларын өтіп жатыр

Елордада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шетелдік мамандары қазақстандық медицина қызметкерлерінің тәжірибесін арттырып, оларды симуляциялық сынақтан өткізіп жатыр.

Теория мен практикаға негізделген семинарға медицинаның әртүрлі саласындағы дәрігерлер мен жедел жәрдем қызметінің мамандары қатысты. Оқу-жаттығуда 20-ға жуық дәрігер төтенше жағдай кезінде науқасқа алғашқы көмек көрсетудің оңтайлы жолдарын үйренуде. Күні кеше бастау алған медициналық оқыту курстары ертеңге дейін жалғасады. Пандемия басталғалы алғаш рет оффлайн тәртіпте өтіп жатқан курста Ковид-19 індетінің ауыр түріне шалдыққан науқастарды емдеу, олардың өмірін сақтап қалудың тиімді тәсілдері түсіндірілді. Коронавирус жұқтырып, жан сақтау бөліміне түскендердің тыныс алу жүйесін кешенді түрде қалпына келтіру әдістері көрсетілді.

Дархан Құлмырза, анестезиолог-реаниматолог дәрігер:

- Мен Жезқазған қаласынан келіп отырм. Денсаулық сақтау министрлігі шақырды барлығымызды бұл жаққа. Өзімнің мамандығым врач анестезиолог-реаниматолог дәрігер. Ковидпен жұмыс істеп жатқанымызға 2 жыл болды. Осы жерде білген, түйгенімізді басты мақсат өзіміз үйренгеннен кейін қалған өзімнің әріптестеріме үйрету.