Қазақстанда салалық журналистиканы дамыту қол алынды

Елімізде салалық журналистиканы дамыту қолға алынды.

Былтырдан бері оқимын деген мамандарды онлайн тегін курстан өткізіп жатыр. Яғни белгілі бір саланы мазмұнды жазатын тілшіні қолпаштау. Оны үйретуге сол саланы толық меңгеруіне министрлік ықпал етеді. Осы уақытқа дейін 4 мың бұқаралық ақпарат құралының өкілдері салалық журналистика негіздерінен дәріс алды.

Қазірдің өзінде республикалық және өңірлік медиа-журналистер медицина, этносаралық қатынастар, дін, айти саласы, экология, аграрлық сектор, қаржы және экономика мәселелерін жария етудегі ерекшеліктермен танысып курстан өтті.

Гүлмира Әшірбеков, баспасөз және баспа ісі кафедрасының меңгерушісі, доцент:

– Діни бағыттағы журналистер дәл қазір қажет дегенімізбен оны дайындайтын мамандарды алдымен іріктеп алуымыз керек. Және сол мамандарды даярлау барысында тағы да насихат пен уағызға кетіп қалмай, сол дінде диструктивті діни ағымдарды анықтайтын, түрлі фейк ақпараттарды анықтауға байланысты медиасауаттылық мәселесін негізге ала отырып арнайы өзіміздің оқытатын оқытушыларымызды біліктілік курсынан өткізгеніміз дұрыс деп ойлаймын.

Ақмарал Жамалатова, БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің басқарма басшысы:

– Ең басты мақсат – журналистерді түрлі салалардың қыр-сырымен, олардың ерекшеліктерімен таныстыру. Және алдағы уақытта жалған ақпараттардың таралмауына мүмкіндік жасау.