Қарағанды облысында «Абай тағылымы» кешені ашылды

Жезқаған қаласында адамзаттың алыбы Абай Құнанбайұлына еңселі ескерткіш қойылды.

Ұлы ақынның мүсіні қоладан құйылған. Биіктігі тұғырымен қоса есептегенде 5 метрге жуықтайды. Авторы – қарағандылық мүсінші Тоқтар Ермеков. Мұнда ескерткіштен бөлек Ұлы ойшылдың қара сөздері тасқа қашап жазылған. Тұтас бір кешенді автор «Абай тағылымы» деп атапты. Оның ашылу салтанатына бас ақынның туған өлкесі Шыңғыстаудан қонақтар арнайы келді. Салтанатты шарада жергілікті өнерпаздар мен жас ақындар Абайдың өлеңдерін оқып, әндерін шырқады.

Тоқтар Ермеков, ескерткіш авторы:

– Менен кітапты неге оң жақ қолына кітап ұстатқаным туралы көбі сұрайды. Негізі біз кітап оқығанда сол қолымызда ұстаймыз да, оң жақ қолымызбен парақ ашамыз. Бұл ескерткіште кітап білімнің нышаны болып тұр. Сондықтан кітапты ақынның оң жақ қолына ұстаттым, сол дұрыс деп есептеймін.