«Аңсаған сәби» бағдарламасы 2025 жылға дейін жалғасады

«Аңсаған сәби» бағдарламасы 2025 жылға дейін жалғасады. Яғни, осы аралықта жыл сайын мемлекет 7 мың отбасының бала сүю мүмкіндігін қаржыландырады. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте айтылды. 

Президент тапсырымасымен қолға алынған бастама биыл да сәтті жүзеге асқан. Қолда бар 7 мың квотаның бүгінде 6 мың 600-і игерілген. Ал ел бойынша 1 жылда бағдарлама аясында 40 сәби дүние есігін ашты. Әсіресе, Алматы, Алматы облысы мен Қарағандыда аталмыш жобаның шарапатын сезінгендер көп.

Алмаз Ибрагимов, репродуктолог дәрігер:

– Қазіргі кезде аналық ұрығының сапасы төмен болған жағдайда, бұл бағдарламада өзінің үмітін донорлық аналық ұрықтың көмегімен арттыру мүмкіндігі пайда болды. Қажет болса, аталық ұрықты пайдалану мүмкіндігі пайда болды, сурогаттың ана мүмкіндігі пайданалу мүмкіндігі пайда болды. 42 жастан 49 жасқа дейін жастың ұлғайтылуы, жалғызбасты әйелдерге мүмкіндіктің берілуі барлығы мүмкіндікті көбейтті.