Вакцина ұрықтың дамуына кері әсер ете ме?

Бүгінде коронавирусқа қарсы екпе алып, әрі жасанды ұрықтандыру жолымен бала сүйгісі келетін 300 жұп арнайы ғылыми зерттеуге қатысып жатыр. Бұл туралы еліміздің бас репродуктологы Вячеслав Локшин хабарлады.

Басты мақсат вакцинаның жүктілік пен ұрықтың дамуына қалай әсер ететін бақылау, дейді ол.

Вячеслав Локшин, Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті:

– Біз қазіргі таңда жүктілікке дейін вакцина салдырған ерлі-зайыптыларды бақылауға алдық. Яғни, біз олардың спермограммасын, аналық бездерін қараймыз. Осы кезге дейін 300-ге жуық жұп зерттелді. Аса бір өзгеріс байқалмады. Ұрықтандыру да, ұрықтың дамуы да қалыпқа сай өтіп жатыр.  

Сондай-ақ...