Павлодар облысы қайта вакциналануға дайындалып жатыр

Павлодар облысында қайта вакциналау мен жасөспірімдер арасыда иммундау шараларына дайындық басталды.

Сала мамандарының хабарлауынша, алғашқы ревакцинация қараша айының соңында жүргізіледі. Алдымен дәрігерлер, мұғалімдер, әлеуметтік сала қызметкерлері мен күш құрылымдарының өкілдері вакцина алады.  Айта кетейік, «Файзер» вакцинасы облысқа бірнеше күннен кейін жеткізіледі. Облысқа жасөспірімдерге арналған екпенің 60 мыңнан астам дозасы келеді. Бүгінде коронавирустық инфекция жұқтырған балалар саны күрт өскен. Жаңа оқу жылынан бері 1300-ге жуық бала қауіпті дертке шалдыққан. Қазан айының өзінде 500-ге жуық оқушы жұқтырған. Соңғы айларда  906 сынып карантинге жабылған.  Айта кетейік, Қазіргі уақытта иммундау науқанына емханаларда 153 екпе пункті дайын.

Гүлнар Бұратаева, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Павлодар облысына вакцинаның 63 мыңнан астам дозасы әкелінеді деп жоспарланған. Қазіргі уақытта жасөспірімдер мен жүктіліге 17-37 аптаны құрайтын әйелдердің тізімі жасақталуда.