Вакцинаның үшінші дозасын өз еркімен алғысы келетіндерге Pfizer бұйыруы мүмкін

Вакцинаның үшінші дозасын өз еркімен алғысы келетін алматылықтарға Pfizer бұйыруы мүмкін.

Қалалық санитарлық-эпидемиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова екпе артылып жатса, категориядан тыс адамдарға салынатынын жеткізді. Ревакциналау тегін жасалады. Бұл үшін азаматтар тұрғылықты мекенжайына қарайтын емханаға барып, өтініш жазуы керек.

Еске салайық, кеше елімізге Pfizer вакцинасы жеткізілген болатын. Ол 12 жастан асқан балалар мен жүкті және бала емізетін әйелдерге салынады деп жоспарланған.