Министр Мусин өзі жүргізген тергеуден кейін ХҚО басшысы жұмыстан шығарылды

Елордадағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы жұмысынан босатылды.

Мұндай шешім Цифрландыру, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жүргізген тергеуден кейін қабылданды. Жақында ведомство басшысы орталыққа келіп, жүргізуші куәлігін алу кезінде қандай талаптардың бұзылып жатқанын әлеуметтік желілерде жариялады. Айта кетерлігі, осы оқиғадан кейін мекемеде куәлік беру деректері 90 процентке азайды.

Бағдат Мусин ҚР Цифрландыру, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі: 

- Біз халыққа қызмет көрсетіп қана қоймай, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуіміз керек. Заң бәріне ортақ. Сондықтан алдағы уақытта бірқатар технологиялық иноовациялар енгізіледі. Мәселен, жүргізуші куәлігін алуға ниеттілердің биометриялық мәліметтерін алып, емтихан тапсыру процесі қатаң бақыланады. Яғни сынақтан өту кезінде ұялы телефонды пайдалануға, жауаптарды көшіруге мүмкіндік берілмейді.