Түркістан облысында пара алған лауазымды тұлғалар ұсталды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР АШМ лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу аясында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерін ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы ірі-қара мал мен ұсақ малды жедел және кедергісіз өткізгені үшін кеден бекеттерінде кәсіпкерлік субъектілерінен жүйелі түрде пара алған.

Қазіргі уақытта бірқатар лауазымды тұлға ұсталып, Шымкент қаласы бойынша ІІД УҰИ-ға қамауға алынды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.