Алматы студенттер үшін әлемдегі ыңғайлы қалалардың қатарына енді

Studee британиялық консалтинг компаниясының дерегінше, Алматы – студенттерге арналған әлемдегі ең үздік 100 қаланың бірі.

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.

«Өмір сүру, тұрғын үйді жалға алу құны, интернет жылдамдығы, халықаралық рейтингке енетін жоғары оқу орындар саны сынды критерийлер бойынша Алматы 76-орында», – деп жазды Сағынтаев.