Депутат өндірістік қауіпсіздікті күшейтуді талап етті

Елімізде өндірістік қауіпсіздік талаптарын бұзғандарға қатаң жауапкершілік жүктеу көзделіп отыр.

Жыл басынан отандық кәсіпорындарда оқыс жағдайда 9 адам қаза тауып, 16-сы жарақат алды. Төтенше жағдайлар министрлігі биыл қауіпсіздік талаптарына қатысты 27 мың заңбұзушылықты тіркеді. 1 мыңнан астам адам осы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 432 нысанның жұмысы тоқтатылды. Дегенмен бұл салада техникалық инспекторлар жетіспейді. Бұл күрделі проблемаларға әкеп соқты. Сенат депутаттары өндіріс орындары дұрыс тексерілмей жатыр деді.

Сергей Ершов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Қауіпсіздікті сақтамай, олқылыққа жол берген кәсіпорын иелері мен қызметкерлеріне тек айыппұл салынады. Оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту бізде көзделмеген. Осы өзгерісті заңға енгізуді жоспарлап отырмыз. Басқаша болуы мүмкін емес.