«Жас сарбаз» қозғалысына үш жыл

Қазақстанда жас патриоттарды біріктіретін Жас сарбаз қозғалысы бар.

Оған мектеп жасынан бастап тәрбиеленушілер қабылданады. Мақсаты – бала күнінен адамға патриоттық тәрбие беру. Бүгін сол қозғалыстың құрылғанына 3 жыл толды. Өңірлерден жиналған жасөспірімдер патриоттық әндер айтып пікір-таласып, отанды сүю хақында мерекелік шара өткізді.

Жиынға Қорғаныс министрінің орынбасарлары мен, сенат депутаты қатысып өрендерге тілектерін айтып, алғыс хаттармен марапаттады. Қазір бұл қозғалыста 215 мыңнан астам жастар бар. Барлығының мақсаты бір – Отанға қалтқысыз қызмет ету, болашақта сарбаз болу.

Дана Нұржігіт, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Қарап отырсақ әскери патриоттық тәрбие тек қорғаныс министрлігіне ғана заңнамамен бекітілген екен. Жақында жасаған депутаттық сауалымыз жалпы мемлекеттік органдардың, бала тәрбиесіне жауап беретін мем.органдардың барлығы да бұл патриоттық тәрбие жұмысын заңнамалық тұрғысында бекітуіміз керек.