ШҚО-ға Pfizer вакцинасы жеткізілді

Өскеменге  Pfizer екпесінің алғашқы партиясы жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы осы көлеммен облыстағы 119 мың адамды қамту туралы жоспар бар. Әзірге Семей мен Өскемен қаласына 35 мың доза әкелінді.

Бір ерекшелігі, алдыңғы препараттарға қарағанда бұларды сақтау мен тасымалдаудың өз талаптары бар. Сондықтан олар қазір облыстық қан орталығы қоймасында  арнайы жабдықталған шет елдік мұздатқыштарда сақталып тұр. Енді алдағы бірнеше күн ішінде вакцина аудан орталықтарына жеткізіледі.

Альмира Шакшанова, қойма меңгерушісі:

– «Спутник» екпесі үшін -20 градус температура қажет болса, бұл вакцина үшін температура  -80 градус болуы қажет. Әрбір мұздатқыштың дабыл жүйесі бар. Егер ондағы температурада  ауытқулар болса, бірден дабыл іске қосылады. Біздің мақсатымыз - бұл препараттарды емханаларға сапалы күйінде тапсыру.