Оралда вакцина салғызбағандар саны көп

Батыс Қазақстан облысында «Ashyq» қосымшасының талаптары сақтала бермейді. Тек қараша айында карантин режимін бұзудың 31 дерегі анықталған.

Ал жарты жылда карантин талабын бұзған жеке тұлғаларға 7 миллион теңге айыппұл салынды. Өңірде вакциналау қарқыны да мардымсыз. Аймақта тек қараша айынан бері 364 адам қатерлі індетке шалдыққан.

Нұрлыбек Мұстаев, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Бүгінгі күні облыс халқы санын алатын болсақ тек 33 проценті егілген болатын. Сондықтан облыс тұрғындарынан сұрайтынымыз эпидемиологиялық ахуалды қалыптастыру үшін алдағы уақытта бетпердені шешу үшін біздер міндетті түрде тек өзіміз емес, айналадағы азаматтарды қорғау үшін екпе алуымыз керек.