Павлодар облысына «Комернати» вакцинасы әкелінеді

Павлодар облысына «Комернати» вакцинасының 126 мыңнан астам дозасы әкелінеді. Бұл 63 мыңнан астам адамға арналған препарат.

Сала мамандарының айтуынша, вакциналау бірінші кезекте 16-18 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында жүргізіледі. Кейін өзге жас аралығындағы оқушылар және жүкті әйелдерге салынады. Қазіргі уақытта бұл санатқа жататын тұрғындардың тізімі жасақталып жатыр. Иммундау шараларын тиімді өткізу үшін облыстағы емханалардың жанында 153 екпе пункті жұмыс істейді. Барлығы қажетті құралдармен жабдықталған. Айта кетейік, жасөспірімдер вакцинаны тұрғылықты жері немесе өздері оқитын білім беру насындарында алу мүмкіндігіне ие. Екпе салатын мамандардың барлығы біліктілігін арттырған. Қазір өңір коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша әлі күнге дейін қызыл аймақта. Аймақта 150-ден астам бала ауырып жатыр.

Галина Тарасенко, иммунопрофилактика жөніндегі дәрігер:

- Қызметкерлердің барлығы шетелдік вакцина бойынша атестаттаудан өтті. «Комернати» препаратымен жұмыс істеуге рұқсат алды. Иммундау шаралары емханада ғана емес, білім беру нысандарында да жүргізіледі. Мектеп, колледж медбикелері оқытылды.