430,43 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Павлодарда есірткі сақтаған әйел 10 жылға сотталды

  • 77
Павлодарда есірткі сақтаған әйел 10 жылға сотталды

Павлодарда есірткі сақтаған әйел 10 жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың ақпан айында Павлодар облысы Полиция департаментінің жедел қызметкерлері Павлодар қаласының 34 жастағы тұрғынының есірткі заттарын өткізу мақсатында сақтағаны туралы ақпарат алды.

– Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктінің көлігін ұстады, тінту барысында автомобиль салонынан аса ірі мөлшердегі психотроптық заттар табылды. Сондай-ақ, 2020 жылдың көктемінде әйел жұмыс іздеп жүрген. Ол телефон арқылы «Telegram» интернет-мессенджерінде өзін интернет-дүкеннің «әкімшісі» ретінде таныстырған белгісіз адаммен байланысқаны анықталды, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Тергеу барысында анықталғандай, «әкімші» әйелге оның жұмысы Павлодарда және облыс аумағында да аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды сақтау, тасымалдау және өткізу екенін түсіндірді. «Әкімші» атқарылған жұмыстан кейін, атап айтқанда тыйым салынған заттарды орналастырғаннан кейін, олардың орналасқан жерін суретке түсіріп жіберу керек екендігін айтқан. Мұндай жұмыс үшін әйелге лайықты төлем жасауға уәде берілді. Әйел азаматтардың денсаулығы мен моральға қарсы аса ауыр қылмыс жасайтынын білсе де, ықыласпен келісті.

2021 жылдың 17 ақпанында осындай «арнайы операциялардың» бірінде қаскүнем полициямен ұсталды. Нәтижесінде, әйелден салмағы шамамен 2 грамм болатын 4 метилметкатин психотроптық заттың аналогы алынды, оны әйел одан әрі сату үшін заңсыз сақтаған. Психотроптық заттардың аналогтарын сатудан әйел банк картасына Ресей рублінің валютасымен ақша алу түрінде сыйақы алған. Есірткі сақтаушыға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабы 1, 3-тармақтарының 3-бөлігі бойынша (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) және Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

Сот үкімімен 34 жастағы есірткі сақтаушы 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Нұрлан Мәсімов 34 жастағы әйел бұрын сотталмаған, Павлодар қаласының аумағында да, Павлодар облысында да халықтың денсаулығы мен имандылығына қарсы аса ауыр қылмыс жасағанын атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы