Павлодарда Ертіс өзеніне Қызыл кітапқа енген балықтар жіберілді

Қазақстанда сүйрік балықтарын су қоймаларынан аулауға тыйым салынады. Алайда браконьерлердің кесірінен бекіре тұқымдас балықтар санының қалпына келуі баяу жүруде, деп хабарлайды «Хабар 24» Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан алюминийі» АҚ қызметкерлері Ертістегі балықтардың түрлі құрамын толықтырды. Ғылыми институттың ұсынысы бойынша мамандар өзенге жойылу қаупі төніп тұрған 500 сүйрік жіберді.

Павлодарға Қарағандыдан жеткізілген балықтар  автомобиль көпірінің артындағы  өзенге жіберілді. 

 – Бұл орын кездейсоқ таңдалған жоқ. Себебі, осы учаске температура бойынша ең қолайлы, ол балық өсірілген орынға ұқсас, – деп түсіндірді «Қазақстан алюминийі» АҚ бас экологы Мақсұт Жақыпов.

Мамандар Ертіске балықты жібермес бұрын балықтың шошып кетпейтініне көз жеткізуі керек. Ол үшін сүйрік болған ыдысқа өзен суы қосылады, сондықтан оларға жаңа жағдайларға бейімделу оңайырақ.

Павлодар балық инспекциясы бөлімінің бас маманы Серік Апсаликовтың айтуынша, «Қазақстан алюминийі» АҚ – биыл су қоймаларына сүйріктерді бірінші болып жібере бастаған. Бекіре тұқымдас балықтардың популяциясы баяу қалпына келеді: «тауарлық» түрге дейін өсу үшін балыққа 5-6 жыл қажет, олар тек 6-7 жастан бастап уылдырық шаша бастайды.

– Бұл өте құнды балық. Стерлет планктонмен және шөптермен қоректенеді, өзеннің түбін тазартуға көмектеседі, - деді Серік Апсаликов. – Балықтарды  күзде суға жібереміз, өйткені  климаттық жағдайлар мүмкіндік береді. Бұған қоса, жақында мұз пайда болады: қыста алаңдаушылық факторлары жоқ, балықтың одан әрі өсуіне қолайлы жағдайлар болады.

Павлодар алюминий зауытының қызметкерлері су қоймаларына балық жіберуді жыл сайын жүргізеді, тек балық түрі мен жіберілетін орны өзгереді. 2019 жылы Торайғырға, 2020 жылы Усолка өзеніне тұқы балықтары жіберілді.

– Бақылаушы органдар тұқы мен бекіре тұқымдас балықтарды өте көп мөлшерде ұстайтын браконьерлерді жиі ұстайды. Сондықтан ихтиофаунаны қалпына келтіруге көмектесетін жұмыс қажет, - деп атап өтті Мақсұт Жақыпов. – Алюминий зауыты балықпен айналысады, өйткені ол әлеуметтік жауапты кәсіпорын. Бұл оқиға қоршаған ортаға үлкен әсер етеді және осындай шараларды үнемі өткізетін боламыз.

Айта кетерлігі, сүйрік – Қызыл кітапқа енген балық, оны аулауға тыйым салынады. Тәртіп бұзушылар ҚР Қылмыстық Кодексінің бабы бойынша жазаланады.

Қалалық балық инспекциясы бөлімінің мәліметінше, жыл басынан бері сүйрікті аулаған браконьерлерден келтірілген шығын 3 млн теңгеге бағаланған.

Сондай-ақ...